«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алды

0 14

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Сбербанк» тобы «Сбербанк» АҚ Қазақстандағы еншілес банкі акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, деп хабарлайды Холдингтің баспасөз қызметі.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті.

Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.

«Бәйтерек» холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. «Сбербанк Қазақстанның» заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді.

Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, сондай-ақ жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.