Жаңалықтар

Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді. СҚО-да жем-шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр АШМ инспекторлары 92 млн теңгенің 1,5 мыңнан астам бұзушылықтарын анықтады Жамбылдық диқандар қарбыздың америкалық сұрпын өсіруде Маңғыстаулықтар арыстық шаруаларға алғыс айтты Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді. Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын аталмыш елдің тиісті реестріне енгізілді. Жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының тізіміне енгізілді. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілді. «Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр»,-делінген хабарламада.