Жаңалықтар

Бала тәрбиесі - баршаға ортақ

Қоғамдық орындар мен көшедегі дұрыс мінез-құлық дағдылары мектеп пен үйде қалыптасады. Осы ретте оқушыларға бастапқы құқықтық сауаттылық жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды.

Өз кезегінде «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен осы тақырып аясында іс-шара өтті. Тараз қаласы, 39 мектеп-гимназиясында “Құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша” шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шарада мамандар оқушыларды бала құқықтары туралы Конвенциямен, адам құқықтары Декларациясымен таныстырды.
      Іс-шара барысында оқушылар мамандармен бірге өз құқықтарын талдап, құқықтарды бұзу мәселелерін шешіп, өздеріне таныс өмірлік жағдайларын талқылады. Қатысушылар "құқықтар - міндеттер" ойынына үлкен қызығушылықпен қатысып, құқықтар сатысы мен міндеттер сатысын құрды. Онда балалардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін атап өтті. 
       Мақсат білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар мектепте, үйде және қоғамдық орындарда адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін, дұрыс мінез-құлық дағдыларын қайталады. Оқушылар білімдерімен бөлісті, пікірталастар жүргізді, жаңа нәрселерді білді. Қосымша ақпарат ретінде бейнероликті тамашалады

Айта кету керек, Мемлекет басшысы бала тәрбиесінің өте өзекті мәселе екенін айтып, бұл тақырыпты басты назарда ұстауды тапсырған еді.

Ол ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керегін атап өтті. Сондай-ақ білім ордаларында тәрбие ісін мықтап қолға алу керек екенін айтты.