Жаңалықтар

Балабақша директоры 2 жыл бойы келмеген балалар үшін заңсыз төлем алып отырған

Ол осы әрекеті үшін бірнеше жылға сотталып кетті

Жетісу облысының прокуратурасы Панфилов ауданындағы балабақша 11 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Kaisar KK» бөбек жайының директоры 2 жыл бойы балабақшаға келмеген балаларды есепке қосқан. Осылайша мемлекеттен заңсыз төлем алып отырған. 

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.