Жаңалықтар

Балаларды байлап, ұрып-соққан адамның қолға түскен сәттегі видеосы тарады

Операция Алматы облысы Қарасай ауданында өткен

Алматы облысының Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қазір 47 жастағы адам аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған. Дереккөз ер адамның не себепті бұндай әрекетке барғанын жария еткен жоқ. Бауыржан Әленовтің айтуынша, оны  құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.



«Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды», - дейді Әленов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Алматы облысы Жамбыл ауданындағы жер үйлердің бірінде белгісіз адам бірнеше баланы ұрып-соғып, байлап кеткені туралы ақпарат тараған болатын.