"Банктегі шотыңыз бұғатталады": министрлік алаяқтар туралы ескертті
"Банктегі шотыңыз бұғатталады": министрлік алаяқтар туралы ескертті
Алаяқтар өздерін сот орындаушы ретінде таныстырып, қазақстандықтардан берешекті өтеуді талап етіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Әділет министрлігінің ақпаратынша, қоңырау шалатын алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкері немесе сот орындаушы ретінде таныстырады. Берешекті өтемесе, банк шоттары бұғатталатынын немесе жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылатынын айтып қорқытады. "Мұндай қоңырау келіп түскен жағдайда, азаматтар атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғына атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы көз жеткізе алады", - деп ескертті министрліктегілер. Бұған қоса министрлік сайтында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректері көрсетілген. Әділет министрлігі халықты тек ресми дереккөзге сенуге, жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуге шақырды. https://aisoip.adilet.gov.kz/)