Бас мүфти қаңтар оқиғасының құрбандарына құран бағыштады
Бас мүфти қаңтар оқиғасының құрбандарына құран бағыштады
Мешіт жамағатына «Әрбір істі ықыласпен орындау» тақырыбында насихат айтқан ҚМДБ Төрағасы: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Асылы, олар тек қана хақ діннен ауытқымай, Аллаға шын ықыласта болып, Оған құлшылық етуге, намаз өтеуге, зекет беруге бұйырылған. Нағыз тура дін міне – осы», – деп айтқан («Бәйина» сүресі, 5-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағала тек шынайы ықыласпен және Оның разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді», – деген. Ал Әзіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Істің көптігіне емес, аз болса да ықыласпен істеуге көңіл бөлу керек», – деп ықыластың маңыздылығын айтқан екен. Сондықтан мұсылман адам әрбір ізгі ісін бір Алланың разылығын көздеп, көзбояушылықтан, мақтанудан аулақ болуы тиіс. Сонда ғана қабыл болады» деп атап өтті.