Жаңалықтар

Бас мүфти «ифтар», «сухур» сөздерін қолданбауға шақырды

The final spritzer

Оның айтуынша, діни терминдерді қазақ тілінде қолдану ата-баба дәстүрін сақтау болып табылады.

  Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты ауызашарды "ифтар", сәресіні "сухур" деп атаудан аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сондай-ақ бас мүфти мұсылман қауымын Рамазан айында сауап жинауға шақырып, әрбір өнегелі істе сауап бар екенін айтты, мысалы, саудагерлер азық-түлік бағасын төмендетсе, арақ-шарап сатудан бас тартса, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілсе, бұл қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті арттыратынын жеткізді.