Жаңалықтар

Байзақта Александр Нахмановичтің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Биыл тау тұлғаның туғанына 100 жыл толды

Бүгін Байзақ ауданы, Түймекент ауылында социалистік Еңбек Ері, ҰОС және Еңбек ардагері Александр Нахмановичтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалды тақта ашылды, хабарлайды Jambylinfo.kz.    

Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Александр Нахмановичтің қызы Галина Нахманович, аудан атқамінерлері мен тұрғындар қатысты.

Шарада облыстық билер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, Александр Нахмановичтің ерен еңбегі мен ел дамуы үшін жасаған ерлік істері жөнінде айтты.

Бұдан соң мемориалға гүл шоқтары қойылды.