Жаңалықтар

«Әбден шаршаған»: Ақмолада жетінші баласына жүкті келіншек қайтыс болды

Бұл туралы жергілікті Nayzakokshe жазды

18 қазан күні
әйел туыстарына шаршағанын айтып, демалмақ болған. Алайда марқұм жедел жәрдем келгенше көз жұмған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

34 жастағы келіншек
жүктіліктің 34 аптасында болған. Ол емханада есепте тұрған. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 

Ал Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бестөбе ауылы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Тергеу аясында қажетті сараптамалар мен тергеу жүргізіліп жатыр.