Бекзат Нұрдәулетов белгілі өзбек спортшысын жеңіп кетті

0

Ресейде «Санкт-Петербург губернаторының кубогі-2021» халықаралық турнирі жалғасуда. Жарысқа қазақстандықтар да қатысты. Бекзат Нұрдәулетов белгілі өзбек спортшысын жеңіп кетті.

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық жекпе-жек өткізді. Қазақтың қарсыласы өзбек Дилшод Рузметов болды. Бұл жекпе-жек бірауыздан шешіммен Нұрдәулетовтің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, ол турнирдің жартылай финалына шықты. Бекзад Нұрдәулетов пен Дилшод Рузметов бір-бірімен екі жыл бұрын — Екатеринбургте (Ресей) өткен 2019 жылғы Әлем кубогының финалында кездескенін айта кетейік. Сол жекпе-жекте Нұрдәулетов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, (5: 0)алтын ұтып алды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.