«Бейбітшілік пен келісім» жобасы Меркіде өтуде
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы Меркіде өтуде
Облыс әкімінің бастамасымен өткен жылы наурыз, қыркүйек айларында «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Мемлекеттік және құқық қорғау органдар, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, діни және бизнес өкілдерінен тұратын 5 топ жасақталып, жемісті жұмыс атқарды. Биылғы жылы осы пилоттық жоба жалғасын тауып, арнайы құрылған үш топ Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас, Сарысу, Шу аудандарының елдімекендерінде аймақ тұрғындарының проблемаларын нақты шешу бойынша жұмыстар жүргізеді. Аталған топтарда «Этнос және конфессияаралық келісім», «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту», «Құқық қорғау саласы» бойынша арнайы облыстық басқармалар басшылары, білікті мамандары бағыт-бағдар беріп, мәселені шешуге тыңғылықты кірісетін болады. Аудандар арасында алғашқы болып Меркі ауданында өткен «Бейбітшілік пен келісім» жобасының автив жиналысы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары ткөктемнің шуақты күндерімен келген «Алғыс айту» мерекесімен құттықтай отырып, аудандағы үш күндік іс сапардың тиісті деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді. Жоба аясында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру, медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін арттыру және т.б. әлеуметтік мәселелер қарастырылатын болады. Бұл орайда арнайы кездесулер мен қабылдаулар кестесі жасалып, сол тізбеге сай 1-3 наурыз арасында ауданда тұрғындармен кездесулер өтеді.