Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Бакудегі жарыста топ жарды

Шахматшы қуанышты хабарды өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

Әзірбайжан астанасы Бакуде шахматтан "Баку Опен - 2024" халықаралық турнирі  өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Бибісара Асаубаева өз категориясында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Өз кезегінде спортшының жанкүйерлері де оны жеңісімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізген.