Жаңалықтар

«Білім алуға мүмкіндік жоқ»: Меркілік оқушылар жаңа оқу жылында мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

Өйткені аудандағы екі мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған

Меркі ауданының Мыңқазан және Ақтоған ауылдарының балалары жаңа оқу жылында мәдениет үйінде оқиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында жаңа орқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Саладағы кемшілік аз емес. Мәселен, аймақ басшысы Меркі ауданында Мыңқазан мен Ақтоған ауылдарындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы бітпей жатқанын айтты. Салдарынан аудан әкімдігі балаларды уақытша мәдениет үйінде оқытуды жоспарлап отыр екен.

Ал, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді деп отыр. Бірақ, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов мәдениет үйінде балаларға білім беру санитарлық нормаларға сай келмейтінін жеткізді.