Бір күнде 5 ірі есірткі тасымалдаушы анықталды
Бір күнде 5 ірі есірткі тасымалдаушы анықталды
Облыста «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы өтуде. «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде облыстық Полиция департаменті қызметкерлері түрлі есірткі құқық бұзушылығының 8 дерегін анықтады. Олардың 5-еуі – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолдану. «Шараның алғашқы күнінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады. Бір күнде заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы тәркіленді», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.