Жаңалықтар

Бір күнде үшінші ұшақ апаты: Норвегияда ұшақ апатты жағдайда қонды

Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен

Норвегиядан Нидерландқа бағытталған ұшақ Осло әуежайынан Амстердамға ұшып шыққан кезде қатты дыбыс естілген. Anadolu жазуынша, сөйтіп, Саннефьорд халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://malim.kz/ сілтеме жасап. 

Апатты қону кезінде Нидерландтың «Корольдік әуе компаниясына» (KLM) тиесілі Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып, шөпті алаңға өтіп кеткен.

Ішіндегі 176 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі зардап шекпеген, оқиға бойынша тергеу басталған.

Норвегиялық БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақ гидравликалық жүйенің ақауына байланысты қонуға мәжбүр болған.