Бір жылда азық-түлік бағасы 19,7% қымбаттады

0 55

2022 жылдың шілдесінде инфляция жылдық есептеуде 15%, бір айда 1,1% құрады.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция туралы деректерді жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 14,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға көтерілді.
Азық-түлік нарығында құмшекер 87,3%, басты пияз 71,7%, ұн 36,6% қымбаттады. Ал сәбіз бағасы 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.
2022 жылдың шілдесінде (2021 жылғы шілдемен салстырғанда) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасі14,2% өсті.

Жеке қолданылатын тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Кешенді демалу ұйымдарының бағасы – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 15%, санаторий қызметтері – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 13%, қонақ үй қызметтері 5,9% қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің құны 5,5% көтерілді.
Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген.

«Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген», – деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.