Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

The final spritzer

Бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар 4 автожол учаскесі уақытша жабылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда:

Жетісу облысы
Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Көктұма ауылы – Достық станциясы)
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Үшарал қаласы – Абай облысы аралығы)

Абай облысы
Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз (Қайнар ауылы – Баршатас ауылы учаскесі)
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – шекарасы (Жетісу облысы – Таскескен ауылы аралығы)

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы халыққа ескерту хабарламалары жіберілді.

Сапарға шығар алдында жол жағдайын тексеріңіз!