«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі»
Мойынқұм ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2024 жылдың 21 тамыз күні Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының базасында мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері мен әдіскерлеріне және мектепалды сыныр педагогтеріне «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізгі аспектілері, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, сондай-ақ жобаларын мектепке дейінгі ұйымдарға қалай негіздеуге болатынын және жылдық жоспарда жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды және электронды таратпалы материалдар берілді.
Іс-шара барысында 42 мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлері және мектепалды сынып педагогтері қамтылды.