Біртанов қайтадан министрлікте жұмыс істей ме: Цой жауап берді

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан экс-министр Елжан Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне қайтадан жұмысқа алу туралы сөз қозғады.

Тікелей эфир барысында журналистер Алексей Цойға Біртановқа қатысты сұрақ қойды. Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген.

«Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?» — деп сұрады министрден журналистер.

«Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді», — деп жауап берді Алексей Цой.

Leave A Reply

Your email address will not be published.