Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады

Үкімет UTC+5 қолдайды.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын»,- деді Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.  

UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. 

1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Қазір ел аумағында 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.