Бишімбаевтың әйелі болғаныма өкінбеймін – Назым Қаһарман
Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың 14 жыл әйелі болған
Ұлыс медиа ютуб каналына бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман сұқбат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Назым Қаһарманның сөзінше, қандай абьюзер болса да, бетпердесін бір күнде шешпейді. Дәл осылай Қуандық Бишімбаев та 5 жылдан кейін асау мінезін көрсете бастаған. Бұрынғы ұлттық экономика министрімен 14 жыл бір шаңырақ астында тұрған Назым Қаһарманның Бишімбаевтан 3 баласы бар. Ол бұрынғы күйеуінің некелі жары болғанына өкінбейтінін айтты. Бірақ, журналистің сұрақтарына жауап бере отырып, сол кездері отбасында «ыдыс-аяқ жиі сылдырлағанын» жасырмады.