Биыл 804 мың адам жұмысқа орналасты – Еңбек министрі
Олардың ішінде 200 мыңнан астамы – жастар.
Светлана Жақыпова Мемлекет басшысына халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеуметтік және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.