Жаңалықтар

Биыл Бурабайға 600 мыңнан астам турист келген

Биыл Бурабайға 600 мыңнан астам турист келген

Президент іс басқарушысы Айбек Дәдебаев «Бурабай» ұлттық саябағы мен «Бурабай Даму» кәсіпорнында туризмді дамыту ісі қалай жүзеге асып жатқанын айтты. Президент Іс басқармасына қарасты «Бурабай» ұлттық саябағы мен «Бурабай Даму» кәсіпорны — елімізде туризмді дамытуға, әсем табиғатты қорғауға ерекше үлес қосып жүрген іргелі мекемелер.

Оның айтуынша, қазір бірнеше секунд ішінде көліктің түрін, маркасын және мемлекеттік нөмірін тіркеуге алып үлгеретін автоматты жүйе тестілік режимде істеп тұр. Бұл бекеттерде кептеліс туындамауына, жемқорлық қатерлерін болдырмауға, жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Жылма-жыл орман алқабын ұлғайтып отыру ісі де жоспар бойынша жүріп жатыр. Биыл Ақылбай орман шаруашылығының аумағынан жаңа тәлімбақ салу үшін 50 гектар жер белгіленді. Орманшылар тұратын кордондар мен кеңселердің біразы жаңарып, 6 орман шаруашылығының инспекторлары жаңа қонысқа көшіп үлгерді.