Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Балалар омбудсмені Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген балаларға қатысты зорлық-зомбылық, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы заңнамалық өзгерістер өте маңызды екенін атап өтті.
«Мұндай жантүршігерлік жағдайлардың дені ішімдік, ұрып-соғуға байланысты оқиғалармен тікелей байланысты. Тергеу шаралары кезінде 70% жағдайда оқиғаны міндетті түрде әлдекімнің көрген, білген, бірақ ол туралы хабарламаған, жағдайға араласқысы келмеген жайттары анықталып жатады. Осындай жантүршігерлік оқиғалар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – сіз бен біздің араласып, көмектесуіміз», – делінген Д.Зәкиеваның жазбасында.