Биыл Тараз көшелерін жөндеуге 400 млн теңге бөлінді
Атап айтқанда, 110 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 5 жаяу жүргінші жолы жөнделіп, 165 көшеге шағал төселеді деп күтілуде.
Ұзындығы 78,1 шақырымды құрайтын 39 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда сараптамадан өтуде. Бұл туралы Жамбылинфо Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала көшелерін ағымдағы жөндеуге бюджеттен 400,0 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.