Биыл Жамбылда сот 623 адамға 526 іс үкім шығарған
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов биыл облыста 623 адамға 526 іс үкім шығарылғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Нұрмұхаммат Абидовтың сөзінше, биыл 5 айда апелляциялық тәртіппен 13 адамға қатысты 9 іс бойынша және 3 адамға қатысты кассациялық тәртіппен үкімдердің күші жойылған. Осылайша барлығы 16 адам шығарылған үкімнен арылды.