Жаңалықтар

Биыл жамбылдық Ұлы Отан соғысының ардагерлері қандай көмекке ие болады?

The final spritzer

Өңірде қазіргі уақытта 6 ҰОС қатысушысы және 1 522 тыл еңбеккері тұрады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, барлық ардагерлерге біржолғы көмек көрсету үшін 121,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұдан бөлек, соғысқа қатысушылар мен оларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға жылына бір рет Қазақстан аумағындағы санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу қарастырылған.

Төлемдерді алу үшін шығындарды растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Төлем мөлшері – 45 АЕК (179 940 теңге).

Облыс әкімдігі 60-тан астам іс-шара жоспарлаған. Барлық мектептерде «Батырларға арналады» атты бірыңғай сабақ және «Мәңгі жүрегімізде», «Естелік шырағы», «Отан қорғаушылар – біздің әулетімізде» акциялары өткізіледі.

«Даңғылдар мен көшелер мерекелік паннолармен безендіріліп, жарнамалық құрылымдарға баннерлер орналастырылады. Өңірде салтанатты концерттер, кинофильмдер көрсетілімі, театрлық қойылымдар, көрмелер, тақырыптық инсталляциялар, бұқаралық спорттық іс-шаралар, спартакиадалар және «Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді», – деп хабарлады әкімдік.