Биылғы бес айда елімізде 1 384 нәресте шетінеген – статистика

0 35

Биылғы бес айда елімізде 1 384 нәресте шетінеген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2022 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 384 нәрестенің шетінеуі тіркелді. 2021 жылы дәл осы кезеңде елде 1 423 бала шетінеген, яғни биыл өлім-жітім 2,7 пайызға кеміді», — деп көрсетілген бюроның хабарламасында.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде туған 1000 сәбидің 8-і шетінейді. Еске сала кетейік, бұл уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 48 нәресте шетінегенін жазған едік.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.