Жаңалықтар

Бокс федерациясының экс-директоры Шымкент спортына басшылыққа келді

Бокс федерациясының экс-директоры Шымкент спортына басшылыққа келді

Ол спорт саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін еліміздің бокс федерациясының атқарушы директоры болған Маратбек Мықтыбеков енді еліміздегі үшінші мегаполис спортына бекітіліп отыр. Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Көп жылдар бойы спорт саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиадалақ даярлау орталығының директоры, ҚР дзюдо федерациясының I-вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, ҚР спортты дамыту дирекциясының директоры, ҚР бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарды. Жаңа басшыны таныстырған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент спортының даму үстінде екендігін айта келе, таяуда аяқталған Азия ойындарындағы спортшылар көрсеткен ғаламат жетістігін Париж олимпиадасында қайталау жөнінде жүйелі жұмыстар жасау керек екендігін алға тартты.