Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің ТОП-10-дығына енді

0 23

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір қатар төмендеп, 36-шы болды. Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19-шы және 20-орындарды сақтап қалды.

Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов бір қатар шегініп, 21-орынға тұрақтады. WBC Youth тұжырымы бойынша чемпион Талғат Шайкен екі саты жоғарылап, 32-орынға көтерілді. Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингтер кестесінде 25-орында қалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.