Боксшы Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан жеңілді
Жерлесіміз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Тайландта өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалдық жекпе-жегінде 48 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай өзбекстандық қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды, хабарлайды Jambylinfo.kz.
Отандасымыз Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.
Төрешілер бірінші раундты 4:1 есебімен өзбекстандық спортшыға берсе, екінші кезеңде дәл осы есеппен қазақ боксшысы басым болды деп бағалады. Үшінші раунд қорытындысы да Меликузиевтің пайдасына шешілді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың финалына 9 қазақстандық боксшы шықса, оның 7-еуі өзбек елінің былғары қолғап шеберлі.
Еске, салайық, кеше бокстан Қазақстан құрамасының финалға шыққан 5 спортшымыз да алтыннан алқа тағынған болатын.