Жаңалықтар

Боксшылар бір уақытта бір-бірін нокдаунға жіберді

Боксшылар бір уақытта бір-бірін нокдаунға жіберді

3 желтоқсанда Нортбриджде (Аустралия) Джо Маккой мен Фано Кори арасында жекпе-жек өтті Екінші раундта күтпеген жағдай болды: спортшылар бір уақытта бір-біріне соққы жұмсап, екеуі де рингте құлап түсті. Рефери алғашқыда абдырап қалды, бірақ кейін бір уақытта екі боксшыға есеп ашты. Видеоны «Инстаграмдағы» dragonfire_boxing парақшасынан көруге болады. Видео Dragon Fire Boxing PTY LTD тиесілі. Танымал жергілікті промоутер Тони Тольж мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын мәлімдеді. Айқас аяқталғаннан кейін төрешілер ұзақ уақыт ақылдасып, нәтижесінде жеңімпазды анықтай алмады. Кори бұл жекпе-жекте үш рет нокдаунға түсті. Бұған дейін UFC-те Йонас Билхариньо мен Ханаан Кавайхэ бір-бірін нокаутқа жіберді.