"Боксшылар олимпиаданы сәтті бастады": Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы қарсыласын жеңді
Ол алғашқы айналымда испан бокшысын жарыс жолынан шығарды
Бокстан 63,5 келіде алғаш болып Париж шаршы алаңына шыққан Мұхамедсабыр Базарбайұлы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстандық боксшы 1/16 финалда испандық Ойер Ибареччемен жұдырық түйістіріп, қарсыласын 5:0. есебімен жеңді.
Енді жерлесіміз 29 шілде күні екінші кездесуін өткізеді.
Оның қарсыласы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лай Чу-Ен болып отыр.
Еске салайық, 63,5 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Мұхамедсабыр Базарбайұлы ұлттық құрамадағы ең жас спортшы. Оның жасы - 21 -де.