Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер арасында 6 қазақстандық қарсыластарымен кездеседі

0

Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында жартылай финал ойындары болады.

Еске салсақ, жарыстың аталған сатысында еліміздің атынан алты былғары қолғап шебері сынға түседі. Жартылай финалда алғашқы болып Даниял Сәбит (49 келі) филиппиндік Марк Лестер Дюренспен қолғап түйістіреді. Одан кейін 52 келіде Сәкен Бибосынов Амит Пангалмен шаршы алаңға шықса, Абылайхан Жүсіпов (69 келі) моңғолиялық Баттөмөр Мишеелтпен кездеседі.

Ал 75 келіде Әбілхан Аманқұл ирандық Сейедшахин Мусавимен шеберлік байқасса, 91 келіде Василий Левит қырғызстандық Рустам Ырысбек уулмен тайталасқа түседі. Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) ирандық Пуриа Амиримен кездеседі.

Аталған жекпе-жектер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.