Жаңалықтар

"Болашақ құдалар": Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев балаларын аттастырған

Спортшылар екеуі бір-біріне бесік құда екенін айтты

Ғұсман Қырғызбаевтың сөзінше, Елдос Сметов оның кішкентай қызына сырға салып кеткен.

Күні кеше Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметов екеуі бір-біріне бесік құда екенін айтты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Kazinform-ға сілтеме жасап.