Жаңалықтар

Болжам: Сәуірде КВИ жұқтырушылар саны артады

Болжам: Сәуірде КВИ жұқтырушылар саны артады

Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне коронавирус инфекциясының 500-ге дейін жаңа дерегі тіркеледі деп күтіледі, ал пессимистік сценарий бойынша ол күніне 1700 жағдайға жетуі мүмкін. Бұл туралы үкіметтің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамын құрды, бұл ретте қолданыстағы шектеу шаралары, оның ішінде бетперде тағу режимі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті болады. Әрине, вакцинациядан да нәтиже күтіледі. Министр вакцинацияның бірінші сатыдағы әсері иммунитетті дамытуға қажетті уақытпен шектелетінін атап өтті. Болашақта вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді, - деді Цой. Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда COVID-19 диагнозымен 225 685 науқас және КВИ белгілері білінбейтін 49 817 қосымша жағдай тіркелді. Науқастардың 92% -ы сауығып кетті. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 954 жағдайы және симптомы білінбейтін 7 жағдай тіркелді, 10 адам қайтыс болды.