Бразилия құс тұмауының өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады

0 69

Бразилия жабайы құстар арасында құс тұмауының өршуіне байланысты алты айлық мерзімге төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Құс тұмауын жұқтырудың жеті оқиғасы Эспириту-Санто штатында, тағы біреуі Рио-де-Жанейро штатында тіркелді.

Ел үкіметінің жануарларға байланысты төтенше жағдай жариялауы өте жұқпалы H5N1 вирусының таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Бразилия – тауық етін әлемдегі ең ірі экспорттаушы ел. Оның жылдық сатылымы шамамен 10 млрд АҚШ долларын құрайды.

Билік өкілдері құс тұмауының Бразилияның оңтүстігіндегі негізгі өндірістік аймақтарынан алыс жерде анықталғанын айтты.

Елде сақтық шарасы ретінде 180 күн бойы денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.