Жаңалықтар

ҰБТ-дан 1 балл алған Ерасыл Уәлиевті шетелдік 10 университет шақырды

ҰБТ-дан 1 бал жинаған түлек әлеуметтік желінің жұлдызына айналған болатын

Қазақстанда ҰБТ-дан 1 ұпай жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Education Industry қолдауының арқасында ол Озиегин университетінде жасанды интеллект пен Анталия университетінде дизайнды зерттейді. Бұл табандылық пен мүмкіндіктің бағалаудан маңыздырақ екендігінің дәлелі – делінген Education Industry парақшасында тараған ақпаратта.

Özyeğin University: жасанды интеллект

OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы

Final University: Стоматология

Antalya Bilim University: Сәулет

World Peace University: Бағдарламалау

Domus University: ойын дизайны

KOSTU: бағдарламалау

Beykent University: актерлік шеберлік

Естеріңізде болса, біз бұған дейін де Ерасыл Уәлиев туралы жазған болатынбыз.