Әбу-Даби 55 мемлекет үшін карантин шараларын алып тастайды
Әбу-Даби 55 мемлекет үшін карантин шараларын алып тастайды
1 қыркүйектен бастап Әбу-Даби Әмірлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасына келуші, қазіргі кезде жасыл тізімге кірген 55 мемлекет үшін міндетті карантин шараларын алып тастайды. БАӘ 30 тамыздан бастап Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы мақұлдаған вакцинаны салдыртқан елдердің азаматтарына туристік визаны қайта беретінін жария еткен болатын. Бұл шешім бұған дейін Әмірліктерге кіруге тыйым салынған елдерге таралады. Енді бұл елдердің азаматтары әуежайда міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы тиіс болады. Вакцина салдыртпаған елдердің азаматтар тобына қатысты бұған дейін енгізілген ережелер өз күшінде қалады. ПТР-тест тапсыру міндетті, алайда вакцина алған азаматтар бірқатар жеңілдіктер алады. Елде қытайлық Sinopharm корпорациясы мен американдық Pfizer компаниясының немістің BioNTech серіктесімен бірлесіп шығарған вакциналары, сондай-ақ ДДСҰ әлі мақұлдамаған ресейлік «Спутник V» вакциналары қолжетімді. Қазіргі кезде БАӘ-да коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне мың адамнан аспай отыр.