Жаңалықтар

Бурахан Дақанов: Ағаларым сыйлаған көлігімді сатып, ақшасын су тасқынынан шапа шеккен халқыма беремін

"TAUEKEL" ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өзінің фейсбук парақшасында былтыр ағайынды кәсіпкерлер Нұрымбек Тау, Сырымбек Тау ағалары сыйға тартқан көлігін сатып, оның ақшасын топан судан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға аударатынын жазған.

«Ағайын,  бір шешімге келдім,  мына ел сыйлаған көлікті сатып,  пұлын тасқыннан зардап шеккен халыққа көмек ретінде бермекпін!» Су тасқыны басталғалы,  қолымнан ештеңе келмегеніне ішім ашып жүр. Үйінен,  көлігінен,  малынан тірідей айырылып жатқан халықты көріп өзімді қоярға жер таппай есім шықты. Тіпті санамды тұрмыс билеп, мына қол созым жердегі Қызылжарға да пайдамның тигені шамалы. Көлікті тез арада сатып,  түскен ақшаны "TAUEKEL" ұйымының атынан мына тасқыннан зардап шеккен Қызылжар жұртына көмек ретінде аударамын,-деді ол. 

Сондай-ақ қоғам белсендісі еңбегін бағалап, көлік сыйлаған Нұрымбек Тау,  Сырымбек Тау ағалары оның бұл шешіміне ренжімей, керісінше қолдау білдіретініне сенім  білдірді.