Бүгін “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды
Өтінімдер тек онлайн түрде www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында қабылданады.
Мынадай санаттар бойынша әкімдікте кезекте тұрған азаматтар бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады:
✔️ көпбалалы отбасы;
✔️ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
✔️ толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).
Өтінімдерді қабылдау 19 шілдеге дейін жалғасады.
Бағдарламаға шарттары:
🔸 Жылдық несие мөлшерлемесі – 2%;
🔹 Бастапқы жарна – 10%.