Бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні

0 29

Бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. «Фотография» термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберт фото түсіру ісіне қатты әуес болған.

Бұл күні кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түрлі шеберлік сағаты мен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңесін айтады. Бұдан бөлек, көрмелерге барып, фотоаппараттар мен жарық жабдықтарының жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.