«Қазгидромет» РМК 4 сәуірде еліміз қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды
Синоптиктер болжамына сүйенсек, дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.