Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді
Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі.
Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын Францияның Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізіледі.
Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды.