Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл!

0 15

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан полициясы құрылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23 маусым – Қазақстан полициясының күні ретінде аталып өтіп келе жатқанына 15 жыл толып отыр. Яғни, 2007 жылы осы күні Қазақстанда Полиция күні ретінде бекітілген болатын. Өйткені 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдаған еді.
Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады.
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан полициясы сервистік модельге көшу реформасын бастан өткеріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторының жаңа бейнесін қалыптастыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының мәртебесі заңды түрде артып, өкілеттері кеңейтіліп жатыр.
Полиция өкілдерінің жұмыс формасы да реформаға ұшырады. Бұрынғы қатаң тәртіптегі киімнің орнына қимылға оңтайлы, ықшам стильдегі формалар енгізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.