Былтыр Жамбыл облысы шетелдерге 187, 3 млн доллардың тауарын экспорттаған
Былтыр Жамбыл облысы алыс-жақын шетелдерге 187, 3 миллион доллардың тауарын экспорттаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Басқарма дерегінше, экспорттың ең көп үлесі химия саласына тиесілі. Бұл саланың көрсеткіші 60,8 миллион долларды құрайды. Шетелге жіберілетін экспорт бойынша екінші орында макарон өнімдері [24,9 мың доллар], одан кейінгі орында кондитерлік өнімдер [647,3 мың доллар] тұр.
Жамбыл облысы өнімдерін экспортқа жіберген елдер қатарында Әзірбайжан, Ауғанстан, Беларусь, Доминикан Республикасы, Венгрия, Германия, Дания, Үндістан, Испания, Кипр, Қытай, Қырғызстан, Литва, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария және Жапония бар.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында экспортты ұлғайтуды тапсырған еді.