Чехия тұрғындарына бірден екі маска тағу міндеттелді

6

 

Чехия тұрғындары барлық қоғамдық орында бірден екі медициналық маска немесе арнайы респиратор тағуға міндеттелді, — деп хабарлайды Expats.cz.

Чехияның денсаулық сақтау министрі Ян Блатны енді ел тұрғындарына дүкендерде, қоғамдық көліктерде және ауруханаларда FFP2 респираторларын тағу міндетті болатынын айтты.

ЧР билігі бұл шешімді елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына және ұлыбританиялық штамның тарауына байланысты қабылдады.

«Соңғы бірнеше күнде Чехияда COVID-19 жағдайы одан әрі нашарлады. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындар FFP2 типті респираторды немесе бірден екі хирургиялық масканы тағуы керек. Мата бептерделер енді қорғаныс құралы саналмайды», — деді министр.

Сондай-ақ, өнеркәсіп және сауда министрі Карел Гавличек Чехия үкіметі барлық бөлшек сауда дүкеніне жұмысын қайта бастауға рұқсат бермегенін, өйткені елдегі коронавирус жағдайы тұрақсыз екенін мәлімдеді. Әлеуметтік қашықтық қатаң сақталатын кей дүкендер ғана ашық.