Жаңалықтар

Covid-19 сілекейде сақталады – бразиялық ғалымдар

Covid-19 сілекейде сақталады – бразиялық ғалымдар

Бразилиялық ғалымдар «Covid-19» індетінің патогені адамның сілекейінде сақталып, әрі қарай көбейетінін анықтады. Зерттеуді Сан-Паулу университеті Медицина мектебінің мамандары жүргізген. Олар коронавирустан көз жұмған адамдардың ауыз қуысындағы сілекейге электронды микроскоптардың көмегімен анализ жасаған. Ғалымдар аталған зерттеу нәтижесі жұғу жолдарын түсінуге көмектесетінін алға тартады. Қазір коронавирустың мұрын қуысы арқылы тез таралатыны белгілі.