Жаңалықтар

«Дәретханада буындырған»: тағы бір қызды өлімнен арашалап қалған куәгер сұхбат берді

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына жазба жариялап, видео жүктеген

Диас есімді бозбала марқұм Асылымнан кейін 16 жасар күдіктінің араға ай салып, басқа көршінің қызын дәретханаға құлатып өлтірейін деп жатқанда құтқарып қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұған дейін белгілі болғандай, 5 жастағы Нұрайға "Жүр, көжек көрсетемін",-деп қараусыз тұрған үйге алдап апарып, дәретханаға кіргізіп, буындырып, ұрып, "әжетхананың тесігіне өзің түс" деп енді итеріп жатқанда Диас келіп, Нұрайды ажалдан арашалап қалған.

Еске салайық, осы оқиғадан кейін марқұм 5 жасар Асылымның өліміне қатысты кылмыстық  іс қайта ашылды. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып сотқа жеткен.

Сондай-ақ, журналист күдікті арнайы емдеу мекемесінде жатқанын жазған.